АҚЫН ҚЫЗДАР ЖЫРЫ

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №1 кітапханада Атырау қаласының 375 жылдық мерекесіне орай «Атырау – жыр өлкесі» атты жергілікті ақын қыздардың оқырмандармен кездесуі өтті.

 

Шараға Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегерлері, ақын қыздар Әлия Дәулетбаева, Бақытгүл Бабаш, кітапхана қызметкері, ақын Әлия Ихсанғалиева қатысып, өз шығармашылық қызметтері туралы айтып, өлеңдерін оқыды.

Ахмет Сүндетов атындағы медициналық және Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждерінің студенттері меймандарға сұрақтарын қойып, ақын студенттер өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында кітапхана директоры Гүлнар Шайхашева ақын қыздар мен оқырмандарға алғысын айтып, ескерткіш ретінде кітап тарту етті.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз