Құқық

Синтетикалық есірткі сатпақ болғандар құрықталды

Атырау облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні сатпақ болған 2 күдіктіні ұстады.

Аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 және 25 жастағы екі күдікті Тараз қаласынан Атырауға есірткі сатуға келген. Олардың тұрғын жайын тексеру кезінде 1 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ, Атырау қаласы аумағында сату үшін жасырған 300-ден астам орамға оралған синтетикалық есірткі анықталды.

-Қазір күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу дерегімен қылмыстық іс қозғалды және заң бұзушылар қамауға алынды, – делінген ресми орган таратқан хабарламада.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button