Іргелі компания – ізгі істерімен ірі

whatsapp image 2021 07 23 at 10.30.28 Саясат
whatsapp image 2021 07 23 at 10.30.27
whatsapp image 2021 07 23 at 10.30.27 1

Атырау өлкесі өндірісті өңір болғандықтан, мұндағы кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі мұнай-газ компанияларына сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Солардың бірі – «ESS Support Services» ЖШС жиырма жылға жуық «Теңізшевройл» компаниясының кең ауқымды кешенін қамтиды.

Атап айтқанда, ТШО-ның барлық жобаларындағы қызметкерлерді көлікпен қамту, Теңіз кенішінде және Атырауда олардың тамақтануын, ТШО-ның «Достық» коттедж қалашығы мен вахталық поселкелерді жабдықтау және материалдық-техникалық қамту жұмыстары бар.

Бүг і н г і т а қ ы р ы п қ а а р қ ау б ол ғ а н с е р і кт е с т і к жыл сайын əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына үлес қосып келеді. Талай мəрте облыстың жəне республиканың марапаттарына лайықты деп танылған. Соның бірі – бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі сарапқа салынатын «Парыз» байқауының лауреаты.

Бұл – «ESS Support Serviсes» ЖШС-нің тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсаттарына (еңбекті қорғау жəне техникалық қауіпсіздік, сапалы қызмет к ө р с е т у, к о р п о р а т и в т і к əлеуметтік жауапкершілік) сəйкес келеді. Əрине, былтырдан бері тығырыққа тіреген пандемияға қарамай кəсіпорынның қызметін сақтап қалу оңай болмағаны анық.

«Осындай күрделі экономикалық кезеңде əлеуметтік жауапты компания болып қалу маңызды» деген «ESS Support Services» ЖШС-нің Бас директоры Майкл Тэйлор компания төңірегінде əңгіме өрбітті.

– Расында, əлемді дүрліктірген індеттің салдары барлығына дерлік əсер етті. Бірлігі бекем ұжымның 4500-ден (Қазақстан бойынша) аса қызметкерінің арқасында бұл тығырықтан да шықтық. Компания осы күрделі уақытта өз қызметкерлері мен серіктестіктерінің қауіпсіздігін, денсаулығын қамтамасыз ету үшін барынша күш жұмсады. Біріншіден, біздің тарапымыздан барлық əлеуметтік міндеттемелер у а қ ы т ы л ы о р ы н д а л д ы . Екіншіден, еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп еңбеккерлердің қысқаруына жол бермедік, – деген Майкл Тэйлор былтырғы жұмыс барысын еске түсірді.

Компанияның қызметкерлері – жоғары бəсекелестік позицияларды қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық құрал. Сондықтан еңбек жағдайларын, сыйақы жəне ынталандыру жүйесін үнемі жетілдіру, біліктілікті арттыратын оқытуды дамыту жəне əлеуметтік қолдау деңгейін арттыру компанияның ка д р с а я с ат ы н ы ң н е г і з г і басымдықтары болып табылады. Серіктестіктің ұжымдық шарты аясында еңбек заңнамасында белгіленген деңгейден төмен емес əлеуметтік қорғау кепілдігі қамтамасыз етілген.

Бас директордың бірінші орынбасары Николай Плещевтің айтуынша, былтыр мекемедегі ə к і м ш і л і к қ ы з м е т к е р л е р қ а ш ы қ т а н ж ұ м ы с і с т е у жүйесіне көшкенімен, басқа қызмет көрсетуші жұмысшылар қалыпты режимде қызмет еткен.

Карантиндік режимдегі жұмыс ұйымдастырылып, санитарлық талаптар əлі күнге дейін сақталып отыр.

 – Компанияның 99 пайызын қазақстандықтар құрайды. Ал, оның 80 пайызы Атырау о бл ы с ы н ы ң т ұ р ғ ы н д а р ы . Компанияның басшылығымен жұмысшылардың мүддесін қорғайтын екі кəсіподақ ұйымы құрылды. Екеуі де белсенділік танытып, еңбек заңдылықтары мен өзекті əлеуметтік мəселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайды. Бүгінгі т а ң д а ж ұ м ы с ш ы л а р д ы ң əлеуметтік мəселелері толықтай шешімін тапқан деуге болады. Жалақылары сəйкесінше уақытылы төленіп, басқа да жағдайлар тиісті мамандар арқылы жедел түрде шешіледі. Жалпы, біз үшін қашықтан жұмыс жасаудың өзі үлкен тəжірибе болды. Соның арқасында электронды құжат алмасу, аудио-видео жиындарды өткізуді дамыттық. Жаңа бағдарлама лар іске қосылды, – дейді Н.Плещев.

Əсіресе, Атырау облысының əлеуметтік жағынан өркендеп, əлеуетінің көтерілуіне атсалысу, жергілікті бастамалар алғы кезекке қойылады. Соның біріне облыстық əкімдікпен арадағы меморандумды айтуға болады.

Бұл туралы компанияның өндірістік қатынастар жəне мемлекеттік органдармен байланыс басқармасының басшысы Ғафур Орынғалиев əңгімеледі.

– Ынтымақтастық аясында жұмыспен қамтылу, ішкі еңбек нарығын қорғау бағытындағы қызметті бірлесіп атқарамыз. Яғни, əлеуметтік серіктестік жағдайында жұмыс жасау деңгейіне қол жеткіздік. Сондай-ақ, ұжымдағы əлеуметтік осал топтағы отбасыларына (жалғызбасты жəне көп балалы аналар, мүгедектігі бар жəне қиын жағдайға душар болған тұлғаларға) қолдау көрсету міндеті бар. Бұлардың бəрі түптеп келгенде жұмысшының ж ұ м ы с б е р у ш і г е д е г е н сенімін арттыратын қадам деп есептеймін, – деп түсіндірді Ғафур Қасымғалиұлы.

Əлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген компанияның демеушілік ауқымы да кеңейген. Былтырғы індеттің өршіген кезінде балалар үйі мен ауруханаларды қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етеді. Қауіпті індетпен күрескен шақта компания қол қусырып қалмай, мүмкіндігіне қарай азық-түлікпен де жəрдемдескен. Əрине, атқарылған жұмыстарды тізбектей берсек, жалғаса береді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, əлеуметтік жауапкершілігін сезінетін компанияға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор. О с ы о р а й д а « E S S Support Services» ЖШС[1]нің қолдауымен Құлс ары қаласында тігін цехы жұмысын бастады. Бүгінде тігін цехы қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жандардың ешкімге алақан жаймай, нəпақасын адал табуына себепші болып отыр. Олардың қолынан шыққан сапалы төсек-орын жабындылары, арнаулы киімдер Теңіз кенішіндегі кəсіпорындардың сұранысына ие. Ал, тіл мүкістігі бар мектеп-интернаттағы игілікті іс өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа баулуға себепші болады. Нысандағы құрылысы аяқталмаған мини жылыжайға жөндеу жұмысы мен қажетті коммуникацияларды жүргізіп берген. «Енді ерекше оқушылар өсімдіктер туралы білімін кеңейтіп, практикалық жұмыс жасайтын болады. Бұл жылыжайда балалар денсаулығын сауықтырып, қоршаған ортамен үйлесімде байланыс жасап үйренеді деп сенеміз» дейді компания басшылығы. Айта кету керек, «ESS Support Services» ЖШС-нің бастамасымен Жылыой ауданында жайқалған жылыжайлары қысы-жазы өнім беріп тұр. Мұны компания басшылығының жұмысты ұтымды ұйымдастыруының н ə т и ж е с і д е у г е б о л а д ы . Əрине, сервистік компания ретінде күнделікті көкөністі алыстан арбаламай-ақ, асхананы өздерінің еккен табиғи өнімдерімен қамтамасыз етіп отырғаны құптарлық іс.

Жалпы, компанияның сатып алу жəне материалдық-техникалық жабдықтаудың бас менеджері Лаура Абизованың а й т у ы н ш а , қ а з а қ с т а н д ы қ қамту 98 пайызды құрайды.

«Отандық с ерікте стерден əлемдік стандартқа сəйкес азық-түлік пен қызмет талап етіледі. Бүгінде елімізде жергілікті қамту басым бағыт ала бастады» дейді Л.Абизова.

Таяуда компанияның тағы бір игілікті іске атсалысқанын білдік. Токиода өтетін Жазғы Олимпиада жəне паралимпиада ойындарына қатысатын атыраулық спортшылардың арнайы киімдерін алып беріп, олардың жеңіспен оралуына сүбелі үлес қосты. Сондай-ақ, компанияның демеушілігімен «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне қажетті иппотерапия мамандарын оқытуға мұрындық болғанын да айта кетейік.

ТҮЙІН. Қазіргі ахуалға қарамастан компания сервистік қызметті кідіріссіз көрсетіп отыр. Дағдарыс кейбір компаниялар қызметінің соңғы нүктесін қойса, енді біреуіне қиын шақта сыналар сәт болды. Сол сыннан сүрінбей өтіп, сын сағатта сыр бермеген бірлігі жарасқан ұжымның еңбегі әділ бағаға лайықты. «ESS Support Services» ЖШС Атырау өңіріндегі өркенді істердің одан әрі өрістеуіне сүбелі үлесін қоса береді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз