Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов референдумда дауыс берді

2022 06 05 08 25 59 4 Саясат

Аймақ басшысы атыраулықтармен бірге Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесінде дауыс берді.

—Бүгінгі күн ұрпақ алдындағы парызымызды өтеп жатырмыз. Бүгін қандай іргетас қалаймыз, бүкіл ел тағдыры әрі қарай солай қалыптасады, деді С.Шәпкенов.

Атырау облысында 261 референдум учаскесі бар. Олардың 11-і ауруханалар, және әскери бөлімшелердегі сайлау учаскелері мен т.б. жерлерде орналасқан.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз