АЛАШТЫҢ ҰСТАЗЫ (конкурс)

1527719778113105 Саясат

Биыл «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылғанына 20 жыл толады. Ал, шын мәнінде партияны тарихы сонау Алаш арыстарының азаттық үшін күресінен бастау алады. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсынов. биыл оның туғанына – 150 жыл!

  • БИЫЛ ОНЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІ ҮШІН ӨЛШЕУСІЗ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҰЛТТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ, АЛАШ АРДАҚТЫСЫ, ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ АЙТУЛЫ МЕРЕЙТОЙЫ ЮНЕСКО КӨЛЕМІНДЕ ӘЛЕМНІҢ БІРҚАТАР ЕЛІНДЕ, ӘРИНЕ АЛДЫМЕН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛМЕК.

Алғашқы қадам

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі айрықша ағартушы-педагог, ақын, талантты публицист, туған халқының рухани дүниесіне бар күш-жігерін жұмсаған қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов екені ақиқат. Ы.Алтынсарин бастаған ағартушылық ізгі жолды оның жерлесі əрі ізбасары ретінде дамытып, жалғастырды. Өзінің алдында өмір сүрген Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты ол да қазақ халқының болашағы, елдігін сақтап қалуы білімге, оқу-ағарту ісіне байланысты екенін біле отырып, Орынборда мұғалімдер даярлайтын «Учительская школаны» 1895 жылы бітірісімен, ағартушылық қызметін бастайды. Бұл сол кезеңдегі қазақтың əлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті əрекет болып есептелді. 1 8 9 5 – 1 9 0 9 ж ы л д а р а р а л ы ғ ы н д а А.Байтұрсынов Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытып, кейін екі кластық училищелерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап, əдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды. Ал, фольклор нұсқаларын зерттеуді ол оқу-ағарту ісін дамытудағы өзінің азаматтық міндеті деп санаған. Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасап, оқулықтар жазуы да, бай терминология дүниесін жасауы да ағартушылық мақсаты деуге болады. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқыта жүріп, оқутəрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденіп, «Əліпби», «Тіл құралы», «Əдебиет танытқыш» атты кітаптарын жарыққа шығарды. Ол өлеңдерінде де, оқулықтарында да білім-ғылымнан кенже қалған өз халқын оқу-білімге шақырудан танбайды. 1 9 2 0 ж ы л д ы ң б а с ы н д а А х м е т ағартушылықпен де, ғылыми жұмыспен де айналысқан. Бұған қоса мемлекеттік басқару, ұйымдастыру істерін де қатар алып жүрді. Ол 1921-1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтында, ал 1936-1938 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтында қазақ тілі мен əдебиетінен сабақ беріп, лекция оқиды. 1928 жылдың қыркүйек айында Алматыда ашылған Қазақ мемлекеттік университетінде сабақ беруге Мəскеу мен Ташкенттен шақырылған мамандардың қатарында А.Байтұрсынов та келіп, қазақ тілі мен əдебиетінің профессоры болып жұмысқа орналасады. Сондай-ақ ғалым 1926 жылы Бакуде болған түркологтардың Бүкілодақтық І съезіне қатысып, бірнеше комиссияның жұмысын басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту комиссариатындағы жұмысы – осының бəрі оның қоғамдық, мəдениағартушылық, ғылыми қызметінің алуан түрлілігін аңғартады. Белгілі түрколог, академик А.Кононовтың оның есімін көрнекті түркологтардың қатарында еске алып, қазақ алфавитін жүйелеу, оқу құралдарын жасау, фонетика мен грамматика саласындағы, қазақ мəдениеті мен əдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы жайлы жазуы да тектен-тек емес.

«Оқу жайы»

А х м е т Б а й т ұ р с ы н о в т ы ң а л ғ а ш ағартушылық ой-пікірлері 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде (осы газетте жауапты редактор болған) жарық көрген мақалаларында таныла бастады. 1913 жылы «Қазақ» газетінде А.Байтұрсыновтың «Оқу жайы» деген мақаласы жарияланады. Онда автор оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық, тұрмыс жағдайымен байланыстырады. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал, сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл – надандықтан келген кемшілік» деп ашына мəлімдейді. Балаларға білім берудің алғашқы б а с п а л д а ғ ы – б а с т а у ы ш м е к т е п . Сондықтан, ол туған халқының ғылымбілімге ұмтылуын, əр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектеп те, үйрететін білім де сондай керек» деп жазады ол. «Бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, алғашқы 3 жылын қазақша, 2 жылын орысша оқыту керек» деген ұсыныс білдіреді. А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1914 жылғы №62 санында «Мектеп керектері» деген мақала жариялап, онда «…ең əуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керекті құралдар, қолайлы һəм сайлы болуы, құралсыз іс істелмейді, һəм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа (бағдарлама). Əр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі, я мерзімді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс – солпы, я – ортаң, я – кем шықпақшы», – деп, оқытудың дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда нақты белгілеп берді. Ол өзінің көпжылдық мұғалімдік тəжірибесіне сүйене отырып, қазақ мектептеріндегі ең мұқтаж мəселелердің бірі – оқулық жазу ісімен түбегейлі айналысады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің фонетикалық (дыбыстық) жүйесін зерттеуге кірісті. Қазақ балаларының сауатын ашатын «Əліпби» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазбас бұрын жазу графикасын жөндеп алудың қажеттілігін ескере отырып, А.Байтұрсынов 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде араб таңбаларын жетілдіру, лингвистикалық терминдерді тілге енгізу (дыбыс, əріп, дəйекше, жуан, жіңішке дыбыс, қағида, т.б.) туралы ой-пікір қозғады.

Байтұрсынов реформасы

Ахметтің араб жазуын қазақ тілінде икемдеген нұсқасын алдымен қазақ жұртшылығы, əсіресе мұғалімдер қауымы жылы қабылдады. Себебі, Байтұрсынов реформасы қазақ тілінің сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған еді. Өйткені, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындау, ғалымға қазақтың жаңа «Əліпбиін» жасауға мүмкіндік берді. А.Байтұрсыновтың 1912 жылдан бастап ұсынылған жаңа жазуы («жаңа емле») іс жүзінде қолданыла бастады. Баспасөз беттерінде жарияланған мəліметтер бойынша, 1915 жылдың өзінде ғана осы емлені негізге алып 15-ке жуық кітап басылып шыққан. Ал, Ахмет ұсынған жаңа емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастаған болатын.

Тұңғыш «Әліппе»

А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да бар күш-жігерін жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде (ол кезінде «ауыл мектебі» деп аталды) шəкірттер сауатын орыс тілінде ашатын. Қазақша оқытылатын пəндердің тілі қазақша болғанымен, жазуы, яғни ресми қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтан əрбір мұғалім өзі орыс, не араб жазуларын пайдаланып отырды. 1905 жылы 26 шілдеде А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары Ресей империялық министрлер кеңесі төрағасының атына петиция жазады. Онда айтылған талаптардың бастылары: «Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін». Осы талаптарды жүзеге асыру үшін ол қазақша оқу құралы – тұңғыш «Əліппені» 1912 жылы жазды. 1902 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген оқулық жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінде негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылды. Ахмет 1926 жылы «Əліпбидің» жаңа түрін, осы күнгідей суреттермен безендіре отырып қайта жазды.

Қазақ мәдениетіндегі құбылыс

1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін ғалым енді мектепке қазақ тілін пəн ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін бірнеше рет басылып, пайдаланылды. «Тіл құралы» – қазақ мəдениетінде бұрын-соңды болмаған құбылыс. Себебі, оның қазақ жұртшылығы үшін тың дүние екенін оқулықтың кіріспесінде автор атап көрсетеді. Ол оқулықта қазақ грамматикасына қатысты категориялар (ұғымдар), əрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Əлі күнге дейін қолданып жүрген зат есім, сан есім, бастауыш, баяндауыш, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау деген сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы – А.Байтұрсыновтың еншісінде. Оқулықтың тағы бір құндылығы – «қазақ тілінің грамматикалық басты салалары, фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттеу» деп саралап, тұңғыш рет ғылымға тыңнан жол салуында. Ғалымның тіл үйретудегі орасан зор еңбегі мұнымен де шектеліп қалмай, ол қолданбалы грамматиканы жазды. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылорда қаласынан бастырып шығарды.

Дыбысқа бөліп оқытудың негізін салды

Ғұлама қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру əдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше əдістемелік мақалалар жазып, 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен əдістемелік кітап та шығарды. Мұнда автор «Əліппені» пайдаланудағы сауат ашу əдістерінің жолын көрсеткен. Осылайша, оқымысты алдына жүйелі бағдарлама қойып, оны өз дəрежесінде орындап шығуға болатынын дəлелдеді. Ыбырайдан кейін ағарту саласында құйрықты жұлдыздай жол тастаған Ахмет – халықты оқуға шақырған, білім-ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес, ағартушылық жұмыстарын, жалпы мектеп ісін жолға қоюға бар ерік-жігерін жұмсаған, бала оқытып, ұстаз атанған, санаткер жан. Ғалымның ағартушылық қызметі туралы ойымызды түйіндесек, заңғар жазушы М.Əуезов А.Байтұрсыновтың 50 жасқа толуына байланысты жазған мақаласында (1923 ж.): «Ахаң ашқан қазақ мектебі», «Ахаң салған əдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысалы», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайрат – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын» деп жазды. Қашан болса да, Байтұрсыновтың азаматтық тұлғасын асқақтата еске алу – парыз, игілікті істерін өскелең ұрпақ ұмытуға тиісті емес. 1988 жылы қазақтың бес арысы – Шəкəрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан жəне Жүсіпбек толықтай ақталып, бұған халық қуанған еді. Əсіресе, қос арысымен қайта қауышқан Торғай елі айрықша құлшыныс танытты.

Енді, тəуелсіздік алған кезеңнен бері мерейтойы мемлекет қолдауымен, əлемдік деңгейде, тұңғыш рет кең ауқымда аталып өткелі отырған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын сапалы əрі мағыналы деңгейде өткізу əрбір қазақстандық азаматтың мерейі əрі міндеті болуы керек деп білеміз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз