АВТОМЕКТЕПТЕРГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙДІ

Қазақстанда жүргізушілерді оқытуға немқұрайлы қараған автомектептер жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өйткені, бұл оқу орындары болашақ жүргізушілерге тиісті білім бермейді. Оқыту деңгейлері де тым төмен. Сондықтан, бұл берекесіздікке тоқтау салынатынын сейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха ескертіп отыр.

Комитет басшысының айтуынша, мұндай шаралар бүгінде Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауындағы жаңа заң жобасында ескерілген.
– Егер де жол-көлік оқиғасын тергеу барысында жүргізуші қарапайым талаптарды білмесе немесе тиісті білім алмаса, онда бізде автомектептердегі заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мүмкіндігі болады. Ал, мұндай оқиға қайталанған жағдайда жол ережесін бұзушы оқыған автомектептің лицензиясын қайтару немесе қызметін тоқтата тұру мәселесі төтесінен қойылады, – деді И.Лепеха.

Бек АЙДАРАЛИ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз