Сайлау кезінде мүгедектігі бар жандар үшін барлық жағдай жасалады

aa Сайлау

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жан-жақты қолдау – демократиялық қоғамның барлығына тән құбылыс. Сондықтан 5 қарашадағы аудан әкімі мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезінде   мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беру барынша қолжетімді болуы қажет.

Исатай ауданында барлығы 15883 сайлаушы, оның ішінде ерекше жағдайды талап ететін мүгедектігі бар 114 сайлаушы болса, аталған категориядағы адамдар үшін учаскелерде бұрыштар жасақталып, дауыс беруге барлық жағдайы ұйымдастырылған. Аудан бойынша 1 аумақтық, 15 учаскелік сайлау комиссиясы, оларда 102 комиссия мүшесі жұмыс жасайды. Бұл туралы Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінде келтірілген. Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Самат Мирас Саматұлының айтуынша, мүгедектігі бар жандар  үшін арнайы жағдай жасалған.

32eb1487 7d82 4de2 9211 a65725efd083

–Мүгедектігі бар азаматтардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету басты назарда. Аудандағы 15 сайлау учаскенің бәрі пандуспен жабдықталған. Сонымен қатар сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар жандар үшін тактильді жолақтар  зағип және есту қабілеті нашар жандар үшін моноблок пен құлаққаптар, брайль шрифт, лупа, арбаға таңылған жандарға арнайы кабиналар және тағы басқа құралдар бар. Сонымен қатар үйінен дауыс беретін сайлаушылар қағаз жүзінде өтініш беру арқылы алдын ала үйіне шақыртады. Учаскелік сайлау комиссия мүшелері барып, дауыстарын алып келеді,-деді ол.

a9b8c874 55ef 4aad a150 0991dbc3a08e

Иә, аудан бойынша инватаксилер де өз жұмысына сақадай-сай. Мүгедектігі бар жандар алдын ала тапсырыс беру арқылы қызметке қол жеткізе алады. Мамандардың мәліметінше ауданда арбаға таңылған – 25 адам болса, есту қабілеті нашар – 35 адам және зағип немесе нашар көретін жандар 54 адамды құрайды.

b0eb7106 1d51 4528 94cb f572855808bf

Жайна МӘЛІМҚОЖА,

Исатай ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз