ОСК тағы 15 халықаралық байқаушыны аккредиттеді

whatsapp image 2022 11 20 at 05.21.05 750x563 1 Сайлау

Орталық сайлау комиссиясы тағы 15 халықаралық байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 10 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 82 байқаушы ресми тіркеуден өткен.

«Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігі бір шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 15 байқаушыны тіркеуден өткізуге ұсынды. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасынан бір кандидатура, ТМД байқаушылар миссиясынан 14 кандидатура бар. Оның ішінде Тәжікстанның Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссясының төрағасы Бахдиор Құдиорзада тіркеуге ұсынылды. Баяндалғандарды ескере отырып, шет мемлекет пен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккердиттеу туралы комиссия қаулысының жобасы дайындалды. Қолдауларыңызды сұраймыз», – деді ол.

Комиссия мүшелері аталған байқаушыларды аккредиттеу туралы қаулыға қол қойды.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс пен мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз