ЖАРЫС АЛАҢЫНДА – ӘУЕСҚОЙЛАР

Жуырда облыстық волейбол федерациясының кубогіне арналған біріншілік өтті. Оған облыс орталығы мен аймақтағы жеті ауданнан барлығы он әуесқой команда қатысып, екі күн бойы тартысты ойын көрсетті.

Дәстүрге айналған сайыс облыстық волейбол федерациясының президенті Ғұмар Дүйсембаевтың бастамасымен өтуде. Жарыс қорытындысы бойынша «Локомотив» АҚ командасы топ жарып, Махамбет ауданының құрамасы екінші, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының командасы үшінші тұғырдан көрінді. Соңында облыстық әуесқой волейбол спортының ардагерлері ұлықталып, аудандық командаларға спорттық құрал-жабдықтар сыйға тартылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз