«Young stars» лауреат атанды

YOUNG STARS laureat atandyi Қоғам

Біздің өңірде өнерлі жастар өте көп. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі бола тұра, белгілі бір аспапта ойнайтын өнерпаздар қаншама. Солардың бірі – «YOUNG STARS» («Жас жұлдыздар») вокалды-аспапты ансамблі.

«YOUNG STARS» лауреат атанды

Жуырда аталған ансамбль Астана қаласында өткен «Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық ХІІІ фестиваліне қатысып, тамаша өнер көрсетті. Еліміздің 16 облысынан келген 300 өнерпаздың арасынан оза шауып, жүлдегер атану да оңай емес-ті. Бірақ, ансамбль мүшелері «Аспапта орындау» номинациясы бойынша «ІІІ дәрежелі дипломға» ие болып, фестивальдің лауреаты атанды.

Жастар сарайында өткен фестивальді тамашалауға он екі мыңнан астам көрермен келді. Ансамбль мүшелері Рита Рушан, Элеонора Шаманова, Эрнест Бақтияров, Ақбаян Бірән, Ернар Шекін, Дәулет Есқабыл – ансамбль жетекшісі Асланбек Дәуітов пен менің еңбегімді, үкілеген үмітімізді ақтады.

Бір қуанарлығы сол, Астананың «Барыс» аренасында өткен Гала-концертке олар тұңғыш рет «Алаш» тобымен бірге шығып, көрермен қауымға «Батырлар ұраны» әнін ұсынды. Біз өнерлі балалардың алыс сапарға шығуларына келісім берген олардың ата-аналары мен ұстаздарына шексіз ризашылығымызды білдіреміз, – дейді «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шығармашылық орталық басшысы Тыныш Жакупова.

Жүлдегер ансамбль мүшелері естелік сыйлықтармен, жетекшілері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз