Өткен күннен бір белгі

tken k nnen bir belgi Қоғам

Осыдан тура 13 жыл бұрын газетіміздің бірінші бетінде жарияланған бірбірін мейірлене құшақтаған ана мен бала суретінің өз тарихы бар. Бұлредакцияда ұзақ жыл еңбек  еткен талғамы биік фототілші Қайрош Қабдешовтың сәтті түсірілген туындыларының бірі. Осы сурет түсірілген сәтте әріптес ағамыз бен оның кейіпкерлері газеттің бірінші бетіне жарияланатынын білмеген еді.

Өткен күннен

Ал, суреттегі ана – «Прикаспийская коммуна» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Зәмзәгүл Нұрғалиева. Сол кезде өзге салада қызмет еткен Зәмзәгүл бала күтіміне байланыста демалыста еді. Үлкен қызы Алуа Ықсанованың балабақшамен қоштасу кешіне жеті айлық Әлиясымен келген ол газеттің фототілшісі суретке түсіреді деп ойламаған. «Шараға қатысып, әбден шаршап, қызымның мазасызданып тұрған сәті болатын. Сондықтан, кәсіби деңгейде суретке түсіру оңай болған жоқ. Бұл жерде Қайрош  ағамыздың өз ісінің шебері болғанын айтқым келеді. Әріптес ағамызды отбасымызбен әлі де еске алып отырамыз.

Биыл шыға бастағанына 95 жыл толған облыс айнасы «Атырау» газетінің бірінші бетіне шығу – кім-кімге де үлкен мәртебе. Арада осынша уақыт өтсе де сол кездегі көңіл-күйім әлі есімнен кеткен жоқ. Ағайын-туыс, таныстарымыз құттықтап, бір қуанып  қалған болатынбыз» дейді әріптесіміз.

Бір қызығы, бұл сурет түсірілгеннен сегіз жылдан соң Зәмзәгүл баспасөз саласына бет бұрып, газетке жұмысқа орналасты. Ал, Әлия қазір Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 сыныбын үздік бітірді.

Мәлике Мәлік

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз