Тиктокер баланы полиция ұстап әкетті

tik toker bara Қоғам

TikTok әлеуметтік желісінде Авди есімімен танымал болған жамбылдық шопан бала карантин талаптарын бұзғаны үшін ұсталды. Ол Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде оқырмандарымен кездесу өткізген.

Танымал тиктокердің қамауға алынғаны жайлы видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы облысының полициясы роликке қатысты түсініктеме берді.

  • «9 қаңтарда Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде жасөспірімдер жиналған. Анықтау барысында осы нысанда Жамбыл облысының тумасы – Тiк-Ток жұлдызы 200-ге жуық оқырманымен кездесу ұйымдастырғаны белгілі болды», — деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Блогерге қатысты материал жинақталып, шара қолдану үшін құжат Жамбыл облысы полиция департаментінің ювеналдық полициясы қызметкерлеріне жолданады.

Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды бұзғаны үшін дәмхана иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

holanews.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз