ТАҒЫ ДА ТЕҢ ОЙНАДЫҚ

Футболдан Премьер-лига ойындары аясында «Атырау» футбол командасы сырт алаңда қарағандылық «Шахтермен» кездесті. Бұл Ел біріншілігінің ХХ туры шеңберіндегі ойын еді.

 

Матч барысында қауіпті сәттер көп болғанымен, ойын тең есеппен аяқталды – 1:1. «Атыраулықтардың» сапынан команда капитаны Стефан Эссаменың салған голы мұнайшыларды жеңілістен сақтап қалды.

Тур ойындары нәтижесінде «атыраулық» оң қапталдағы қорғаушы Антон Чичулин мен орталық жартылай қорғаушы Стефан Эссаме sports.kz спорт порталының шешімімен символикалық құрама сапына енді.

Ел чемпионатының екінші айналымының соңғы екі ойынын жерлестеріміз өз алаңымызда өткізеді. Қарсыластар да осал емес –  турнирлік кестеде алдыңғы қатарда келе жатқан «Ақтөбе» және алматылық «Қайрат» командалары. Ойын 19-ыншы және 25-інші шілде күндері «Мұнайшы» стадионында өтеді. Сүйікті командадан қолдауларыңыз бен ықыластарыңызды аямай, жанкүйерлік етуге келіңіздер, ағайын!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз