СЫНДАРЛЫ БАСТАМА

Елімізде халықтың еңсесін көтеретін тың оқиғалар, екпінді жаңалықтар көптеп саналады. Солардың бірі Президент сайлауын кезектен тыс өткізу жөніндегі ұсынысы.

Мен Қазақстан азаматы ретінде бұл  бастаманы қызу қолдаймын. Елбасының барша  қазақстандықтарға арнаған Жолдауында жаһандық дағдарыс түйткілдерінен шығу жолдарын нақтылап, сындарлы тапсырмалар берілді.Ендігі алда тұрған басты міндет бұл мәселелердің тиянақты орындалып, іс жүзінде өз нәтижесін беруін қамтамасыз ету. Ол үшін бізге керегі тұрақтылық пен бейбітшілік. Бұл жолда Мемлекет басшысының өзі қолдап отырған Үкіметтік емес ұйымдардың атқарар істері мен алға қойған міндеттері де ауқымды.

Қазақстан халқы осы күнге дейін кездескен кедергілер мен дағдарыс атаулыға қасқая қарсы тұрып, барлық қиыншылықтарға төтеп берді. Ештеңеден жасқанып, қаймыққан жоқ. Оның себебі халқын соңынан ертер көшбасшымыздың ұстаған саясатының айқындығы мен салиқалылығы деп түсінемін.

Сондықтан, Қазақстан халқының бұл ұсынысты толықтай қолдайтынына сенімдімін. Қазіргідей күрделі кезде тығыз топтасып, бар күш-жігеріміз бен білімімізді болашаққа арнайтын кез келді. Бұл арқылы біз елдің экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға қол жеткіземіз. Кезектен тыс сайлау Қазақстан Президентінің қолға алған қомақты жұмыстары мен бастамаларының іске асып, еліміздің жарқын болашағына  даңғыл  жол ашары сөзсіз. Бұл жалпыхалықтық шара барша қауымдастықтар тарапынан үлкен қолдауға ие болары  анық.

Ағиба ҚАТЕШОВА,

«Атамұра» ұлттық  салт-дәстүрді қолдау қоғамдық қорының төрайымы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз