«Сұлулықтың символы – бұрым» дейді кішкентай Ақерке

img14 Қоғам

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл.

  • Ақерке Боранбай,

Х.Ерғалиев атындағы №35 мектеп-гимназиясының

6 сынып оқушысы, Атырау қаласы.

Талай ақындардың жырларына арқау болған қыз баланың бұрымы – әдемілігінің символы, сұлулықтың көрігі. Бір жасымнан бастап, он екі жасқа дейін шашымның 1 метр 13 сантиметрге жетуіне ең әуелі нағашы әжемнің септігі тиді.

Туған жерім Индер ауданы, Бөдене ауылында дүниеге келген сәттен бастап әжемнің қызы атандым. Шашымның күтіміне баса назар аударатын ол қазағымның салт-дәстүрін сақтап, шашыма шашбау тағып жүруімді үнемі айтып отырады.

1 6

Өзіме шашымның түсі, ұзындығы, қалыңдығы ұнайды. Осындай болуы үшін күтім жасаймын. Аптасына екі рет жуып, арнайы сусабынды пайдаланамын. Ұстазым Ұлмекен Құрақбайқызынан «Атырау» газеті ұйымдастырған «Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауы туралы естігенде қуанышымда шек болмады. Өйткені, осы байқауға қатысуым арқылы менің бұрымды қыз болуыма, шаш өсіруге деген қызығушылығымды оятқан ақ әжеме алғысымды білдіргім келеді.

Мен қазақтың қаракөз қыздары, апа-сіңлілерім шаштың киелі екенін естен шығармаса екен деймін. Сол себепті әр арудың «қазақтың қызы» деген ғажап атқа лайықты бұрымы ұзын болса деп тілеймін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Жиенбет

    Keremet