«Пысық» шенеунік сотталды

«Әр адам өз саулығына жауапты» Қоғам

Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, аудандық әкімдікке П. есімді азаматтан ауыл шаруашылығы қызметімен айналысу үшін жер телімін алу мақсатында өтініш түседі. Шенеунік фермерге Таңдай каналы маңында орналасқан 20 гектарлық жер учаскесін ұсынған. Аталған шаруаны тезірек шешу үшін «пысық» шенеунік одан 150 мың теңге талап етеді. Алайда, жер тегін берілетінін білген П. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментіне арызданады. Қаржыны беру екі төлем бойынша жүргізілді. Алғашқысында 50 мың теңге, кейін бір айдан соң сотталушы 100 мың теңгені алу кезінде ұсталды.
Сотта сотталушы мен прокурор арасында кінәні мойындау түріндегі процестік келісім жасалды. Сот үкімімен экс-шенеунікке параның алпыс еселенген мөлшерінде, яғни тоғыз миллион теңге айыппұл салынды. Онымен қоса, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА,
Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз