Оба ошағы оянбасын деп…

Жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу, оның алдын алу мақсатында аудандық емхананың мәжіліс залында Ганюшкин обаға қарсы күрес бөлімшесі мамандарының бастамасымен кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.
Шара барысында аудандық тұтынушылардың құқын қорғау басқармасының басшысы К. Отаров карантиндік және аса-қауіпті инфекциялардың қазіргі эпидемиологиялық жағдайын баяндады. Обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігері С.Мұқанәлиева оба ауруының таралу жолдары, клиникалық белгілері, стандарттау диагностикасы, ауру ошағында жүргізілетін іс-шаралар жайын сөз етсе, жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі С.Олжабаева түйнеме ауруының белгілері, емдеу әдістері, диспансерлік бақылау туралы хабарлама жасады.

Жамал БИСЕНОВА, аудандық емхананың салауатты
өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестіруші дәрігері, Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз