НАҚТЫ СҰРАҚҚА – НАҚТЫ ЖАУАП

құрманғазы2 Қоғам

құрманғазы2– Аудан орталығындағы балалар кітапханасы үш жыл бұрын өртеніп кетіп еді. Соны қалпына келтіру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Балалар кітапханасын қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға 500 000 теңге, күрделі жөндеуден өткізуге 12 500 000 теңге қаржы бөлінді.
– Дәшін ауылында мәдениет үйі жоқ. Ақкөл селолық округінде жаңа балабақша салына ма?
– Жаңадан мәдениет үйін салу үшін қажетті қаржы қарастырылып жатыр. Бұл жұмысқа 360 800 000 теңге керек. Ақкөлден балабақша салу үшін де жобалау-сметалық құжаттары жасақталды, құрылысқа қажет қаржы көзі қаралуда.
– Ганюшкин селосы кәріз жүйесі құрылысының Көнеу елді мекеніндегі су булану алаңының орнын ауыстыру үшін қандай шаралар алынады?
– Көнеу елді мекеніндегі кәріз тазарту стансасы мен су булану алаңы «Теларал» учаскесіне ауыстырылып, жер телімі бөлінді. Қазір құжаттары дайындалу үстінде.
– Мақаш ауылдық округіндегі жаяу көпір адам жүруге жарамсыз күйде, жаңадан көпір салына ма?
– Алға, Иманов ауылы ортасына жаяу жүргінші көпірін салу үшін құжат жасақталды. Құрылыс жұмысына 104 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылыс жұмысын жүргізетін мердігер мекемені анықтау үшін конкурс ұйымдастыруда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз