Мақатта пойыз бен автокөлік соқтығысты

dtp poezd 13.07 1 3 750x375 1 Қоғам

«Lada Granta» жеңіл автокөлігі мен жүк пойызы соқтығысты.

2022 жылдың 13 шілде күні Мақат аудандық №8 ӨСБ байланыс бекетіне 11:45 сағатта (жергілікті уақыт) Атырау облысы Мақат ауданы Мақат поселкесінен 20 км қашықтықта темір жол өткелінен өтпек болған «Lada Granta» жеңіл автокөлігі мен жүк пойызының соқтығысып қалғандығы жөнінде хабар түсті.

2022 07 13 apat

Соқтығысу салдарынан 1999 ж.т. көлік жүргізушісінің жарақат алғандығы және 1968 ж.т. оқиға орнында көз жұмғандығын анықталды.
ТЖД қызметкерлері арнайы «Холматро» құралы арқылы 1968 ж.т. адамның денесін шығару жұмыстарын жүргізді.
Айта кетеніні аталған жүк пойызы құрылыс материалдарын тиеген 66 вагон тіркемесінен тұрады.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз