МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МЫЗҒЫМАС ҰСТАНЫМЫ

Тәуелсіз еліміз бірлігін сақтай отырып, кемел келешекке сеніммен қадам басуда. Оның бір дәлелі – кешегі Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдауы.

 

 Бұл жолғы кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстан халқының көрегенділігін, кемеңгерлігін бүкіл әлемге тағы бір мәрте паш етті.

Біз өз таңдауымызды жасауда Қазақстанның болашағына деген әрбір азаматтың жанашырлық қасиетінің биік тұрғанын көрдік. Салтанатты сәтте өзінің толқынысын жасырмаған Елбасы өз ықыласын «Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы деп білемін»,- деген сөздерімен білдіруі де барша қазақстандықтарды зор әсерге бөлегені шындық.               

Елбасы халықаралық  дәрежедегі тәжірибемізді басқаларымен бөлісіп, болашақта жүзеге асырылатын ұлттық стратегиямызды іске асыру мақсатында 100 нақты қадам жасауды мемлекет алдына міндет етіп қойды. Ал, оның орындалуына атсалысып, үлес қосу –әрқайсымыздың борышымыз. Ұзақ  жылдар бойына  ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен, ұрпақ тәрбиелеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне азды-көпті үлесін қосқан еңбек ардагері , ауылдың ақсақалы ретінде айтар ойымды осылай түйіндегенді жөн көрдім.

Сағын  МҰХАНБЕТИЯРОВ,

еңбек ардагері.

Мақат ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз