Мәлік Сүлейменов жүлдесіне арналған дүбірлі дода өз мәресіне жетті

image 28 Қоғам

 Кеше «Атырау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, Қазақ күресінен Кеңестер Одағының спорт шебері Мәлік Сүлейменов жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасында республикалық турнир өтті.
image887Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Махамбет, Жылыой, Қызылқоға, Индер, Исатай аудандарынан 100-ге жуық спортшы қатысты.
Жыл санап, төл өнеріміз төрге озып келеді. Бәсекеге қатысқандардың арасында осалы жоқ. Сайдың тасындай іріктелген оғландар қарсыластарын алып та, шалып та жығып, жеңістің туын желбіретті.
Палуандар ортада сап түзеп, жарыстың ашылуын тағатсыздана күтті. Турнирдің шымылдығын Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанат Қаленова облыс бойынша спортқа жасалып жатқан қамқорлық пен жетістіктерге тоқтала кетті. Соның ішінде ұлттық спортқа облыс әкімінің ерекше көңіл бөліп отырғанын тілге тиек ете келіп, осымен бірінші рет жалауын желбіретіп отырған палуандарға сәттілік тіледі.

Бозкілемде палуандар белдесті image72 Бозкілемде белдескен жастар бірінен-бірі мықты екендіктерін көрсетіп, бойында бар айла-тәсілдерін қолданып, жиналған көпшілікті таң-тамаша әсерге бөледі. Қазақ күресі дегенде жанкүйер біткенннің делебесі қозып кететіні бар. Бозкілемде алпамсадай батырлардың аса тартысты белдесуін тамашалайтындардың қатары көп-ақ. Расында, бозкілемде еліміздің әр түкпірінен жиналған нартұлғалы, кең иықты балуандар белдесті.
image 28 08 16 12 35 42  Жарыстың финалдық кезеңде 55 келі салмақ дәрежесі бойынша атыраулық Жүніс Бекет, 60 келі салмақта атыраулық Нұрболат Ізімғалиев, 74 келіде Атырау облысының намысын қорғаған Дулат Бәгеновке, 82 келі салмақта Наурызбек Өтеуов, 66 келі салмақта қызылордалық балуан Рахманберді Әбдірашит жеңімпаз атанды.

Кенжебектің туды тағы айы оңынан…  image 28 08 16 12 35 43  Сондай-ақ, төл күресімізді насихаттау мақсатында қазақ күресінен ересектер арасында «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылды. Дүбірлі доданың ақтық сынын¬¬¬да 20 балуан «түйе балуандыққа» бақ сынауға тілек білдірді. Фи¬нал¬дық бәсекеде Кенжебек Кенжеғалиев пен Талғат Исақабылов белдесуге шықты. Бозкілемде тәжірибелі балуандар бір-біріне дес бермей, біраз жүрді. Бұл қалай болады дегенше, қарсыласынан тәжірибесі озықтауы, жас шамасы да үлкен Кенжебек шалт қимылдап, басымдық танытты. Сөйтіп, Кенжебек жеңіске жетті. Жеңімпаз Кенжебек Күзембаевқа турнир жүлдесі¬не тігілген 300 мың теңге табысталды. Екінші орынды қызылордалық Мақсат Исақабылов 200 мың теңгені иеленсе, үшінші орынды атыраулық Наурызбек Өтеуов 100 мың теңгені еншіледі.
image 845 Екі күнге созылған тартысты бәсекеде нығыз мықтылар ғана топ жарып КСРО спорт шебері Мәлік Сүлейменовтың жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар жеңімпаз атанған палуандар медалдар мен алғыс хаттар табыс етті.«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші турнирде топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлер және жаттықтырушылар мен қонақтар атыраулықтарға риза болып аттанды.

Мәлік СҮЛЕЙМЕНОВ

 Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, Қазақ күресінен Кеңестер Одағының спорт шебері:
Біз бұрын жабдықталмаған жерлерде жаттығып жүрдік. Қазір міне су жаңа спорт кешендер қалада да ауданда да қолданысқа берілген. Бұл спортқа деген үлкен қолдау. Бүгінгі жарысқа қарап күресіміздің деңгейін білуге болады. Осындай ұстаздан шәкірті озған шақта біздің жеңістеріміз көп болатынына туымыз көкке көтерілетініне сенімдімін.

Айбек СЕРҒАЗИЕВ,  Қазақ күресінен Атырау облысының аға жаттықтырушысы:

— Төрешілер де әр белдесу сайын әділ шешім шығарып отырды. Қазақ күресінің бір ерекшелігі – белдесу кезінде төрешілер белден баса алмайды. Айтулы додаға  «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы, әлем чемпиондарының, жиырмаға тарта халықаралық, республикалық дәрежедегі спорт шеберлерінің қатысуының өзі турнирдің бәсі биік екендігін көрсетеді.

Қайрат АХМЕТОВ,Қазақ күресінен облыстық «Тарлан» Федерациясының президенті:

  Атырау облысында турнир өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың еңбегіне бір жағынан таң қалып, екінші жағынан риза болып отырмын. Мұндай турнирлердің жас палуандарымызға берері көп. Республикадан келген палуандармен белдесіп тәжірибе жинайды. Өздеріне деген сенімділік пайда болады. Болашақтағы үлкен жеңістердің бастауы осы секілді турнирлерден басталады. Олардың жеткен жетістіктеріне балаша қуанып, әр кез тілекші болып жүремін.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.
Суреттерді түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз