«ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚТАР ЖҮРЕГІНДЕ»

Атырау қаласындағы №6 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде» атты тағылымды шара ұйымдастырылды. Оған соғыс және тыл ардагерлері Әлібек Түсібәлиев, Кәрім Сисенов, Жалғас Темірғалиев, Құрымбай Нұрмағамбетов және Хамза  Ғабдолла қатысып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

Шынайы өмір деректеріне құрылған қойылымды тамашалаған ардагерлер көздеріне жас алып, соғыс тақырыбындағы ескірмес әндерді қосыла шырқады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз