КӨҢІЛДЕ КҮДІК СЕЙІЛДІ

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы шын мәнінде халқымыздың ортақ ойынан, арман-мүддесінен шықса, енді, міне, үстіміздегі жылы 1 сәуірден бастап әлеуметтік қолдаудың кешенді шаралары алынғалы отыр. Бұл бізді жаңа табыстарға, ізденістерге жігерлендіреді. 

 

 Үкіметке негізгі тамақ және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, жанар-жағармай мен дәрі-дәрмек бағаларының тұрақты болуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылып отыр. Бұл екіжақты жауапкершілікті арттыратын істі әрбір сауда орны басшылығы да дұрыс түсінуі керек деп ойлаймын. Президент елдің әлеуметтік дамуына  ерекше тоқталды. Алда студенттердің шәкіртақысының 25 пайыз, ал мұғалімдердікі 29 пайызға артатыны оларды  қуантып отыр.

Болашақта бұл жұмыстар жүйелі іске аса береді деген сенімдеміз. Жалпы, біздің колледжде отбасы жағдайы төмен студенттерге деген қамқорлық көзқарас, оларға қолдау көрсету – үнемі жалғасын тауып келе жатқан игі жұмыстардың бірі.

  Бүгінгі күні колледжде 220 жас арнаулы мамандықтар бойынша білім алуда. Қосымша ақылы мамандықтар алу үшін үстіміздегі жылы 200 оқушы, оның 35-і аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен бітіріп шықты. Оқу процесі кезінде оқушыларды өндірістік тәжірибеден өткізуге байланысты 36 компания, мекеме, серіктестікпен келісім-шартқа отырдық. Нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасуы 67 пайызға жетіп отыр.

 Біздің ұжым Елбасы алдымызға қойған міндеттер мен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларын іске асыруға белсене атсалыса беретін болады.     

Б. ҚҰНАС,
Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжінің директоры.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз