«КАЗРОСИМПЭКС» ЖҰМЫСЫ ТОҚТАДЫ

Атырау облысы бойынша экология департаменті мен мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі нәтижесінде табиғатты қорғау заңдылықтарын сақтамағаны үшін «КазРосИмпэкс» ЖШС-нің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі басшысы Бағдат Жақыптың хабарлағанындай, өз қызметі кезінде ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын бұзғаны үшін, экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауына байланысты, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде жүргізу туралы заңнама талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында қамтылған талаптарды орындамағаны үшін, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу фактісі бойынша белгіленген мөлшерде айыппұл салынған.

Бұдан басқа сақтау, шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты, бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған залалдануына жалпы құны 515 320 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжатынсыз шаруашылық қызметін атқарғаны үшін қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 5,9 миллион теңгеге нұсқама қойылып, ол да мемлекет пайдасына өндірілді.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілгенге дейін серіктестік өз жұмысын жалғастыра алмайды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз