«ҚАУІПСІЗ АУЛА»

Құрманғазы. Осындай атпен Құрманғазы ауданында республикалық акция ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – ауланың қауіпсіздігі мен тазалығының жай-күйін анықтап, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау. Акцияның негізінде құрылған комиссия мүшелері  көп қабатты үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті.

 

Тұрғындар «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су үйге дейін жеткізілгенімен, әлі күнге пәтер тұрғындары оның қызығын көре алмай отырғандығын айтты. Үйдің төбесіндегі шатырлардан да қатты жаңбыр жауса су кететінін, оларды ауыстыру жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, жылдамдықты тежейтін арнайы жол белгілерінің қажеттілігін, балалар ойнайтын алаңның жоқтығын комиссия мүшелерінің өздері де байқады. Олар тұрғындарға үйдің айналасын барынша таза ұстауды ескертіп, айтылған мәселелерді тиісті орындарға жеткіземіз деген уәделерін берді.

 Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВАменшікті тілші.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз