Қали жасаған қайырымдылық

  Кала тұрғыны Қали Әубекеров облыстағы қарттар мен мүгедектердің интернат үйі тұрғындарын «Керемет» дәмханасына шақырып, қайырымдылық дастарханын жайды.

Бұл сауапты іс дұға жасаудан басталды. Құран оқылып, ас тартылды. Ата-бабаларымыздан бермен қарай жалғасып келе жатқан қасиетті дініміз жайында уағыз айтылып, ата-ананы сыйлау, перзент парызы, қайырымды істер жасау тұрғысында жақсы әңгімелер айтылып, сыр шертілді. Қамкөңіл қариялар атынан Қали бауырымыздың осындай құрметіне үлкен ризашылығымызды білдіріп, бізге жасаған жақсылығы өзі мен отбасының алдынан шықсын деп тілейміз.

А.АҚБЕРДІҰЛЫ,

облыстық қарттар үйі тұрғыны.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз