ҚАЛАМНЫҢ ҰШЫНДА НАЙЗАНЫҢ СҰСЫ БАР

  Бейсенбі күні «Атырау-Ақпарат» ЖШС ұжымы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Оған облыстық және аудандық газеттер редакцияларының ұжымдары және баспасөз ардагерлері шақырылды.

   Жоғары кәсіби шеберлікті игере отырып, үнемі дәуір үнімен сабақтас жүрген әріптестерін алдымен «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ерболат Қаменов құттықтап, шығармашылық жетістіктер тіледі. Ол төл мерекеге орай еңбек үздіктерін Алғыс хаттармен марапаттап, ардагерлерді де ұлықтады. Мерекелік шарада серіктестік ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқали Нұрғалиев, аға буын өкілдері Қилыбай Қуанышбаев, Любовь Монастырская, Виктор Шигаев құттықтау сөз сөйлеп, өздеріне көрсетілген зор құрмет үшін ризашылықтарын білдірді. Кәсіби мереке қарсаңында ұйымдастырылған белгілі журналист, талантты ақын Жұмабай Төлегеновті еске алуға арналған «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы…» атты жыр мүшәйрасының, танымал фотосуретші Олег Свидиннің құрметіне ұйымдастырылған «Объективте – туған өлкем» фотоконкурсының және журналистер арасындағы спорттық сайыстардың жүлдегерлері де көпшілік алдында марапатталды.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз