«HACKER.ATYRAU» такси қосымшасын ойлап тапты

c7c7989e 569a 49ac 9314 55084deb4de4 Қоғам

ЗАМАННЫҢ ТАЛАБЫ ҒОЙ, БҮГІНДЕ ИННОВАЦИЯ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘР САЛАСЫНДА ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРІП ТҰР. ЕГЕР БІЛІКТІ МАМАН СЕРПІНДІ ИДЕЯСЫН ҰСЫНЫП, ОЛ ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТСЕ, ИННОВАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ ДЕГЕН СОЛ ЕМЕС ПЕ?! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ АЙТЫП ЖҮРГЕН «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЫ ДА ОСЫНДАЙ МЫСАЛДАРДАН АҢҒАРЫЛАДЫ. ШЫНЫНДА, БҮГІНДЕ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮГІНБЕЙТІН АДАМ КЕМДЕ-КЕМ. ОЛ ҮШІН МОБИЛЬДІ ТАКСИ ҚОСЫМШАЛАРЫ ДА ЖЕТКІЛІКТІ. ӘЛЕМ БОЙЫНША МҰНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КЕҢ ТАРАЛҒАН. АЛ, ҚАЗАҚСТАНДА ШЕТЕЛДІК ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ КӨБІРЕК ТАНЫМАЛ. ӨЙТКЕНІ, ШЕТЕЛДІК МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРҒА ОТАНДЫҚ БАЛАМА СИРЕК. БҰҒАН ЖІТІ ДЕН ҚОЙҒАН АТЫРАУЛЫҚ IT МАМАН НҰРЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ ОТАНДЫҚ JETU TAXI МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН ЖАСАП ШЫҚТЫ.

JETU TAXI-ДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Әлеуметтік желіде «Хакер Атырау» деп танылған жігітке такси қызметіне арналған мобильді қосымша жасау туралы идея Ресейде жүрген кезінде келіпті. Жастайынан ақпараттық технологияға әуес болған Нұрлан Атыраудың Ресеймен шекаралас Құрманғазы (бұрынғы Ганюшкино) ауылында туыпөскен. Әлеуметтік желілерде өзін көпшіліктен құпия ұстайтын ж і г і т т е н м ұ н ы ң с е б е б і н сұрағанымызда, табиғатынан танымалдықты, көзге көрінгенді ұната бермейтінін айтты.

a629cb37 6a39 42d1 81c8 638b2d753139

– Қазақстанда мұндай қосымшалардың отандық үлгілері бар екенін білеміз, б ұ л б а ғ д а р л а м а н ы ң ерекшелігі қандай?

– Р а с , б і з д е о н д а й қосымшалар бар. Бірақ, олар белгілі бір аймаққа ғана арналған. Менің жоспарым – бүкіл Қазақстанды қамту. Жүргізуші мен жолаушыға арналған Jetu Taxi қосымшасы – қауіпсіз әрі ыңғайлы бағдарлама. Бағасы да қолжетімді. Осы қосымшаны жаңадан қолдана бастаған жүргізушілерге 2 ай тегін пайдалануға болады. App Store және Google Play қосымшалары арқылы жүктеледі. Ең оңай және түсінікті интерфейс. Бүгінгі таңда қосымшаның тест нұсқасы жасалып жатыр. Бұл қосымшаны жасауға бір жыл уақыт кетті, – деді өнертапқыш жерлесіміз.

Ресейдің Сочи қаласындағы B e l k a c a r к о м п а н и я с ы н д а а қ п а р а т т ы қ қ а у і п с і з д і к мамандығы бойынша жұмыс істейтін маман қаржыны талап ететін жұмыс болғандықтан, үш көлігін сатып, қарызға ақша алып отандық платформаны жасауды бастапты.

– Б а ғ д а р л а м а н ы ң кодын жазып, дизайнын жасап ыңғайлы етуге жұмыстанып жатырмын. Қазір қосымшаның е ң а л ғ а ш қ ы 0 . 0 . 1 н ұ с қ а с ы ш ы қ т ы . Енді қосымшаны д а м ы т у ү ш і н интерфейс картасын жақсартуға кірістім. Алдағы уақытта басқа да жоспар көп. Ең бастысы – «Қазақстанның ақшасы елімізде қалсын» деген м а қ с а т . О с ы л а й ш а , еліміздің экономикасын дамытуға аз да болса үлес қосқым келеді. Тіпті, алысжақын шетелдер де біздің өнімдерді қолданып жатса, қандай жақсы. Қолға а л ғ а н қосымшаны толық жетілдіріп, д а м ы т қ ы м к е л е д і , – д е д і Нұрлан Жасұланұлы.

Сөз арасында IT маман мұн д а й с е р п і н д і ж о б а ғ а жергілікті атқарушы органдар тарапынан көмектесу ниеті ж о қ т ы ғ ы н а қ ы н ж ы л д ы . Алайда, Нұрлан өзгеден көмек күткеннен гөрі шамашарқы жеткенше өз бетімен тер төккенді қол көрген.

851a141a 4feb 46d2 ad37 ce04d5d76c8d

ҚАЙЫРЫМДЫ «ХАКЕР»

Мобильді қосымша авторы жолаушылардың қажеттілікке қарай қызметтің «Эконом», «Комфорт» және «Премиум» түрлерін таңдау мүмкіндігі бар екенін айтады. Сондай-ақ, келешекте жүргізушілерден 6 пайыз комиссия алынатын көрінеді, оның 1 пайызын қайырымдылық қорына аударып отыруды көздейді.

– Клиенттерге де қолайлы жағын қарастырып жатырмыз. Біздің такси қызметінің құны 1 шақырымға – 110 теңге, яғни 5 шақырым қашықтыққа – 550 теңге. Меніңше, ол қымбат емес. Такси қызметін дамытудың негізгі стратегиясы – клиентке қолайлы жағдай жасау. Себебі, «клиент қайда болса, жүргізуші сонда» деген халық арасында ұғым бар, – дейді жерлесіміз.

Енді ол мобильді қосымшаны жаңартып, бірнеше өзгеріс енгізуді ойластырыпты. Instagram әлеуметтік желісінен парақшасын ашқанына екі жылдан асса да, анонимді түрде қолданғанды қолайлы көреді.

– Тіпті, WhatsApp мессенджеріндегі құрдастарым да желідегі hacker.atyrau парақшасының иесі мен екенін білмейді. Ата-анам да жақында ғана білді. Қосымша жұмысын бастағалы соңғы бірер күнде парақшама 20 мыңнан астам адам тіркелді. Арнайы ашқан Jetu Taxi қосымшасына арналған jetu.kazakhstan парақшасының да оқырмандары көбейіп жатыр. Достарым арқылы естіп, өзім жайлы сұрап жатады. Дегенмен, көп ашылып айта бермеймін, – деді қосымша авторы.

Қиғаш жағасында өскен ауыл баласының жастайынан IT саласына жақын екенін а у ы л д а с т а р ы б і л е т і н . Мектеп кезінен-ақ әкесінің ақ-қара түсті теледидардың артындағы шамын (лампочка) қалай ауыстырғанын көріп, қ ы з ы ғ у ш ы л ы ғ ы о я н ғ а н . Әкесінің радионы шашыпжинағаны да есінде.

– М е к т е п к е з і н д е қ а б і л е т і м д і б а й қ а ғ а н ауылдасым Nokia 6300 ұялы телефонын әкеліп жөндеткен е д і . О л к е з д е т е л е ф о н жөндеуші сервис орталыққа а п а р у д е г е н т ү с і н і к ж о қ . Қ а р а п а й ы м т е л е ф о н н ы ң колон-касын тазалау үшін де маған әкелетін. 2009 жылы Nokia 3250 телефоны болды.

Соның ішіндегі SymbianOS бағдарламалық жасақтамасы бар. Сол бағдарламаны шұқылап жүріп, ақпараттық технологияға д е г е н қ ы з ы ғ у ш ы л ы ғ ы м басталды. Ол интернетке п р о в а й д е р а р қ ы л ы к і р і п жүрген кез. Мектептегі бір компьютерде ғана интернет болатын, сыныптың барлығын соған оқытатын еді. Ең бірінші интернет дегенді сол кезде білдім.

Компьютерге USB арқылы телефонды қосып бағдарламалық жасақтамасын істеп көруге тырысқаныммен басында нәтижесіз болды. Кейін компьютерді меңгере бастадым. Ауылдан 30-40 шақырым жерде тұратын т у ы с қ а н д а р ы м н ы ң ү й і н е жол-жөнекей көлік тоқтатып компьютерді пайдалану үшін баратын едім. Артынан Агент Мail.ru бағдарламасы туралы біле бастадық. Жақын-жуыққа бағдарламаға тіркелуіне көмектесетін болдым. Сыныптастарым да бағдарламаға тіркелу үшін менен көмек сұрап, атт а р ы н к о м п а н и я с ы х а б а р л а с ы п , ж ұ м ы с қ а қ а б ы л д а й т ы н ы н айтты. Ақпараттық қауіпсіздік с а л а с ы н а қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ т а н ы т ы п о т ы р ғ а н ы м д ы біліп, білімімді дәлелдеуді сұрады. Көліктерді GPS, басқа да ақпараттық жабдықтармен қамтамасыз ететін компанияның сынағынан өткен соң, жұмысқа қабылдандым, – дейді жігерлі жігіт. Нұрлан бос уақытында I T с а л а с ы н ө з б е т і н ш е оқып-үйренген.

Күні бойы компьютердің алдында отырып, бір нәрсені үйренбейінше қозғалмайды екен. Python, J a v a s c r i p t , J a v a с е к і л д і бағдарламалау тілінің әрбіреуін үйрену үшін кем дегенде бірнеше ай уақыт кететін болса, Нұрлан уақыттың тығыздығына байланысты әрбір бағдарлама тілі үшін бір ай уақыт жоғалтқан.

 – Б ү г і н д е с а й т ж а с а п , т а б ы с т а у ы п ж ү р м і н . Сочи қаласында қ о с ы м ш а ж ұ м ы с ы м бар. Оған ай сайын барып, қаншама адамдар бар, олардың еңбектерін де ескеру керек, – деді ол.

 IT маман Астана және Алматы қалаларынан мобильді қ о с ы м ш а н ы б а с қ а р ы п отыратын адам қойып, сол ж а қ т а н д а м ы т у ғ а к ү ш салуды ойлайды. Инвестор болмағандықтан қаражат жағы да қиындық туғызатынын жасырмайды. Әлбетте, осындай игі істі қолға алып, отандастарының мүддесі үшін тиімді мобильді қосымша ұ с ы н ы п о т ы р ғ а н Нұрландай талапты жасқа қолдау көрсетіп, жобасын халықтың белсенді пайдалануына өзіндік көмек жасау қажет. Өйткені, такси қызметі өзіне де, қоғамға да пайда әкеліп, шетелдік өнімге бәсекелес бағдарлама болар күн де жақын секілді.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз