«ФАРИЗА – ӘЛЕМ, ФАРИЗА – ӨЛЕҢ»

Жуырда Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде туған өлкеміздің дарынды ақыны, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туған күніне арналған «Жыр – менің планетам» атты поэзия кеші өтті. Әдеби-сазды кешке ақынмен бірге оқыған замандасы, өлеңінің кейіпкері болған, бүгінде Дамбы селосында тұратын Қуанәлиев Айтқожа Құрмашұлы мен ақынның жеңгесі Айбарша апа  қатысып, Фариза ақынның бала кезі мен өмір жолынан естеліктер айтты.

Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні блогында ашылған Фариза Оңғарсынова атындағы кабинетте ақынның өмірі мен кітаптары, қолына ұстаған қаламы мен жазбалары қойылды. Кешке жиналған қонақтар осы кабинетте «Фариза – әлем, Фариза – өлең» деген тақырыпта жас фаризатанушылардың тырнақалды бастамалары мен ақынның өлең жолдарына жазылған эсселер мен ғылыми жұмыстарды қорғап, поэзия кешінің көрігін қыздырды. Кеште ақынның «Телефон шыр етеді» деген өлеңіне қойылған сахналық көрініс те сәтті шықты.

Жанша ТЕКЕЕВА,  Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз