ДАРХАН ДАРЫН

Есенжол өте ақкөңіл жан еді. Үнемі айналасындағыларды күлдіріп жүретін. Ешкімге қабақ шытпайтын, мінез көрсеткен кездері де болған жоқ. Ал, оған біреу ауыр сөз айтып, ренжітсе, үн-түнсіз бұрылып кететін. Екеуміз қатар өстік. Әсіресе, Алматыда жүргенде көп араластық.

Оның шығармалары сатиралық шығармалар болатын. «Осындай ақкөңіл жаннан мынадай сатиралық сарын қалай шығады екен?» деп таңданушы едім. Ол қазақ әдебиетіне өзін бекем ұстап келді. Сондықтан, әдебиет әлемінде ақкөңілдігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен ерекшеленген Есенжолдың орны мәңгі сақталады. 

Әкім ТАРАЗИ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз