Бұл сайлау – бұрынғыдан өзгерек

1429269490 3f3d2c6fa41a6ad97d60ad1c81f43333 Қоғам

Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Баршаға мәлім, кеше мемлекет басшысы Парламент Мәжілісіне жаңадан депутаттар сайлау туралы Жарлыққа қол қойды. Тарихи құжатта көрсетілгендей, белгіленген мерзімде барлық саяси партиялардың бұл науқанға толық қатысуына жол ашылып қана қоймай, барша азаматтарымыздың еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріне араласу аясын кеңейте түспек.

Демократиялық қоғамда саяси көппартиялық институты үстем болуы тиіс. Осы орайда аталған Жарлық алға жасалған маңызды қадам болды. Президент: «Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді» дей келе, саяси партиялар фракциясының жетекшілеріне мәжіліс отырыстарында, парламенттік тыңдауларда кеңінен сөз сөйлеуіне кепілді құқық берілетіндігіне тоқталды.

Бұл сайлаудың тағы бір өзгешеліктерінің бірі, партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізіліп отыр. Демек, ел басқару ісіне талантты жастар мен белсенді қыз-келіншектер үшін жол ашылды деген сөз. Мемлекет басшысы қашан да белсенді азаматтық қоғам құру үшін мемлекеттік емес ұйымдардың беделін арттыруға ұдайы көңіл бөледі. Оның маңыздылығы сол, биыл барша қазақстандықтарға арнаған Жолдауында  Қ.Тоқаев былай деген еді: «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін».

Парламент Мәжілісіне сайлауды өткізу туралы құжат саяси өміріміздің жаңғыруы мен жаңаруында халқымыздың бірілігі мен елдігін арттыруға, жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз етуге жасалған жаңа бастама болмақ.

Ізтұрған Баймұханов,

облыстық мәслихат депутаты

кәсіподақтар федерациясы облыстық филиалының төрағасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз