Бүгін – ата-баба аңсаған ерекше күн

img 0999 Қоғам

Сіздерді егемен еліміздің ең басты мерекесі  –  РЕСПУБЛИКА күнімен шын жүректен құттықтаймын!

25 қазан  –  Тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи күн. Осыдан отыз үш жыл бұрын дәл осы күні еліміздің егемендігі туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері қаланды. Бұл күн  –  ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ерекше күн. Айшықты ұлттық мерекеде халқымыздың рухы тасып, елдігіміз нығайып, бірлігіміз бекемделе түспек. Барша отандастарымыз Республика күнін  – еліміздің Тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы ретінде қабылдап, өркениет әлеміне батыл бет бұрған еліміздің бүгінгі келбеті дүниежүзіне паш етіледі. Қоғамымыздың қастерлі құндылықтары, мемлекеттік нышандарымыздың биік мәртебесі салтанат құрады.

Шуақты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке, өмірде сәттілік, еңбекте жетістіктер тілеймін!

Еліміз қуатты, халқымыздың болашағы баянды болсын!

Құрметпен,

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі

Құсан Ғалымжан Сайділләұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз