Биыл он жылға созылған ауған соғысының аяқталғанына – 35 жыл

img 4823 Қоғам

 Ауған соғысы 1979 жылдың  25 желтоқсанда басталып,  1989 жылдың  15 ақпанында аяқталды. Атаулы күнге орай жыл бойына облысымызда өтетін іс-шаралар жоспары бекітілді,  деп хабарлайды atr.kz

 Кеңес әскерінің ресми деректері бойынша, бұл сұрапыл соғыста 15 мыңнан астам совет офицерлері мен солдаттары қаза тапты.  35 мыңнан астам адам жараланып, оның біразы мүгедек болып қалды. Осы соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд. сом шығын әкелді. Ал осы соғыстың ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ.

            Бұл соғысқа Қазақстаннан  21 979 адам қатысып, оның 780-і қаза тапты, ал  22-сі хабарсыз кетіп, із түссіз жоғалып кеткен. Иә, адамзат тарихындағы қанқұйлы оқиғалардың бірі осы – Ауған соғысы болғаны жасырын емес. Бұл соғысқа біздің өңірден де ер-азаматтар аттанып, өздерінің интернационалдық борыштарын өтеп қайтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз