БЕЙІМДЕУДЕН ҚАША АЛМАЙМЫЗ…

– Бұл – өте күрделі сұрақ. Дегенмен, жастардың өз бетімен өмір сүруіне, Отанға деген патриоттық сезімін арттыруда өте маңызды қадам. Бос сандалып, не әскерге барудан қашқақтап, жұмыс жасауға да ынтасыз жүрген жастарды бәрібір қоғамға бейімдеу қажет. Бұл бағытта құзырлы мекемелер тарапынан бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Алайда, аталған мәселе заң талаптарына сай бекітілетін болса, ұтылмаймыз. Ақиқатында, әр азаматтың жүрегі «Отаным» деп соғуы тиіс.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.
– Облыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі биыл бірінші жартыжылдықта – 1,9 пайыз. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімінде 1,1 пайызды құрады.
Проблеманың орын алу себептері:
жұмыс тәжірибесінің болмауы;
еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетінің төмендігі;
кәсіптік білімнің жеткіліксіздігі;
жұмыс берушілердің еңбек өтілін талап етуі.
Бұл мәліметтер облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз