Бүлдіршіндер қуанышқа кенелді

Бүлдіршіндер қуанышқа кенелді Қоғам

 Мақат ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» жалпы республикалық дәстүрлі қайырымдылық акциясы басталды.
Аталмыш акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету. Осыған орай бірқатар білім ошақтарында өткізіліп жатқан шаралар көз қуантады. Акцияға мектептен шыққан түлектер мен жүрегінде қайырымдылық оты бар кәсіпкерлер көмек қолын созды.
НКОК компаниясы аудандағы аз қамтылған 100 оқушыға сөмкелер мен оқу құралдарын сыйға тартып, жаңа оқу жылында зор табысқа жетулеріне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, осы акцияға Мұса Баймұханов атындағы орта мектепті осыдан 20 жыл бұрын бітірген түлектер де атсалысып, он балаға мектеп формасын алып беруге қолдау көрсетті.
Жиында сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ербол Ермағамбетов акцияға өз үлестерін қосып жүрген барлық азаматтарға алғысын білдіріп, мұндай игі жұмыс әлі де жалғасатындығын айтты.
Өткен жылы акцияның іс-шараларына бес миллион теңгеге жуық түрлі көмек көрсетіліп, алты жүздей аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мектеп құралдарымен қамтамасыз етілген болатын.

Абай АҚМҰРЗИЕВ,
Мақат ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз