ӘЗІЛ АСТАРЫНДАҒЫ АҚИҚАТ

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен Дина Нұрпейісова атындағы мұнайшылар мәдениет сарайында облыстық Ашық және Премьер лигаларының 1/4 финалдық ойындары өтті.

Ашық лигаға Атырау бизнес және құқық колледжінің «Жасталап», Орал қаласындағы «Еуразия» индустриалдық-экономикалық колледжінің «Еуразия қазақтары», Ақтөбенің байланыс және электроника колледжінен «Байланыс жастары», Қызылқоға ауданынан «Маями», Түркістан қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №11 мектептен «НВК», Құрманғазы ауданындағы Абай орта мектебінің «Абай шәкірттері», Атырау қаласынан «Өнерпаз құрамасы», Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанындағы «Тарлан» колледжінің «Достар-ай», Жылыой ауданынан «Амиго», Құрманғазы ауданынан «Құрманғазы жастары» командалары қатысып, көпшілікті күлкіге кенелтті. Ұпай санымен «Абай шәкірттері», «Амиго» (42 ұпай), «Маями» (41 ұпай) командалары алдыңғы орындарға шықты.

Атырау облыстық Ашық лигасы бойынша 1/4 финалдық сайыстарға «Маями», «НВК», «Абай шәкірттері», «Өнерпаз» құрамасы, «Достар-ай», «Еуразия қазақтары», «Амиго», «Құрманғазы жастары» командалары жолдама алды.

Премьер лигаға Атырау қаласындағы №10 мектептен «Сәбит жастары», Махамбет ауданындағы, Ақтоғай орта мектебінен «Ақтоғай жастары», Атырау қаласынан «Жұмыскер», Жамбыл орта мектебінен «Тәп-тәтті», Жылыой ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы №4 орта мектептен «Ембі Grat», Атырау медицина колледжінен «Медицина», Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінен «Қазақтар», Атырау аграрлы-техникалық колледжінен «Аграрка», Атырау политехникалық колледжінен «Мұнайлы Астана», Индер ауданындағы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінен «Жас буын», Индер ауданындағы, Махамбет атындағы орта мектептен «Жарсуат», Атырау қаласындағы №36 орта мектептен «36» және №27 орта мектептен «Тема» командалары қатынасып, жиналған жұртшылықты күлкіге қарық қылды.

Атырау облыстық Премьер лигасы бойынша жартылай финалдық сайыстарға «Жұмыскер», «Тәп-тәтті», «Жарсуат», «36», «Тема», «Ембі Grat», «Медицина», «Қазақтар», «Мұнайлы Астана», «Жас буын» командалары жолдама алды.

 

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз