ҒАЖАЙЫП ШОУ

Шілденің 4-5 күндері бас қаламыздың 17 жылдығына орай Есіл өзенінің жағасында тұңғыш рет «Нұрлы Есіл» мультимедиялық-пиротехникалық таңғажайып шоу ұйымдастырылады.

 

«Бұл қазіргі заманғы лазерлік және пиротехникалық технологияларды су бетінде ойнататын айрықша көрініс болмақ» деп хабарлайды astana.kz.

Есіл өзенінің үстіндегі жалпы ауданы 1000 текше метрлік сахнадағы симфониялық оркестр шоу әсерін арттыра түседі. Және олар қазақтың халық әндері мен заманауи классикалық әуендерін орындайды. Сахнаның айналасында биіктігі 12 метрді құрайтын субұрқақтар жасалып, жаңа лазерлік технологиялардың көмегімен жарқын бейнероликтер көрсетіледі. Бұл көріністің соңы эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен көздің жауын алар пиротехникалық шоуға ұласады.

Дайындаған Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз