Атыраудағы көлікжай жер учаскелерінің орнына мектеп салынады

img 8658 Қоғам

Атырауда көлікжай үшін берілген жер учаскелері мемлекет мұқтаждығы үшін алынып, орнына мектеп құрылысын салу жоспарланды.

Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 ақпандағы №289, 290 және 2023 жылғы 13 сәуірдегі №679 қаулыларына сәйкес, Атырау қаласы, «Автотэп» көлікжай массивіндегі 513 көлікжай, Сыра зауыты аумағындағы 586 көлікжай және Лесхоз шағын ауданында орналасқан Автопарк көлікжай алабындағы 414 көлікжай мемлекет мұқтажы үшін 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін иеліктен шығарылатыны жөнінде БАҚ құралдарына жарияланды.

Аталған жерге сол аумақтың балалары үшін «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы негізінде 2000 орындық 3 мектеп құрылысын салу жоспарлануда.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған мекенжайда орналасқан көлікжай иелеріне көп уақыттан бері, Сатпаев 13 мекенжайы бойынша, КММ «Бас жоспар» орталығына жолығуын жазбаша түрде және БАҚ құралдарымен де хабарламалар беріліп жатыр. Себебі көлікжай иелері уақытылы хабарласып, сұратылған құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекетке сатып алу жұмыстары да шешіліп, мектеп құрылысының іске асуына да жол ашып, бүлшіндеріміз заман талабына сай мектептерде оқуына мүмкіндік алады. 

Құрметті көлікжай иелері, осы хабарламаға түсіністікпен қарап, мәселені шешуге атсалысуларыңызды сұраймыз!

Құрметті қала тұрғындары, аталған аумақтағы көлікжай иелерін танитын болсаныздар қосымша хабар беруге көмектесулеріңізді сұраймыз! 

Байланыс телефоны: 87758639870 (Бас жоспар орталығы КММ-ң маманы Алихан Сапиев)

Ескерту: Көлікжай иелері табылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, иесіз деп тану туралы сотқа талап арыз берілетіндігін хабарлаймыз.

Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз