АТЫРАУДА НЕ ӨРТЕНІП ЖАТЫР?

screenshot 20220710 173345 Қоғам

10 шілдеде күндізгі сағат екінің шамасында Атырау қаласында Құрманғазы көшесінің бойында құрылысы аяқталмаған үш қабатты ғимараттың төбесінде өрт болды.

Онда ауданы 7х8 метр болатын құрылыс материалдары, соның ішінде қара қағаздың отқа оранғаны белгілі болды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен үш техника жұмылдырылды. Аталған департаменттің Қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, зардап шеккендер жоқ.

Әділет АМАНГЕЛДІ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз