Атырау облысының əкімі Елорда күнімен құттықтады

izobrazhenie 2022 07 06 172746573 Қоғам

Құрметті жерлестер! Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бағаналы орда, басты орданың мерекесі – барша қазақстандықтар үшін маңызды тарихи-мəдени, əрі Тəуелсіз Қазақстанымыздың жетістігі мен жеңісінің символы. Ерке Есіл жағалауына орналасқан Елордамыз əлемдік қоғамдастықтан өз орнын ойып тұрып алды, халқымыздың бойтұмары іспетті, жыл санап ажарланып, айбыны асқақтауда. Еліміздің басты қаласы еліміздің əрбір қаласы мен облыс орталығы үшін бойтүзер шамшырағына айналды. Атыраулықтар басқа өңірлермен бір сапта Елорданың шырайлы келбеті мен келісті келешегіне келелі үлес қосуда. Біз кең байтақ Отанымыздың жүрегін əлемдегі ең əдемі қалалардың бірі етіп қана қоймай, оның асқақ сұлулығы мен өзіндік өрнегін болашақ өскелең ұрпаққа ұштастырамыз. Еуразия кеңістігіндегі ең жас əсем елордамыз айдай əлемді таң қалдыра берсін, бəрімізге қуатты серпін беріп, көз тоймас көркімен мəңгі жастық көктемін кешсін. Мерейлі мереке күні Сіздерге ізгілік пен жақсылық, бақыт пен береке тілеймін!

Серік ШƏПКЕНОВ,

Атырау облысының əкімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз