АРДАГЕРЛЕРГЕ – АТАУЛЫ МОНЕТАЛАР

Қазақстанның ардагерлері – Ұлы Отан соғысына қатысушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ескерткіш күміс монеталарды сыйға алады. Ұлттық Банк  ҚР Қорғаныс министрлігіне өтеусіз негізде «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» монеталарын 4776 данада берді.

925/1000 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, «proof» сапасымен жасалған, номиналдық құны 500 теңгелік «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» ескерткіш монетасының 2015 жылғы 31 наурызда айналысқа шығарылғанын еске сала кетейік. Оның таралымы 7 мың  дананы құрайды.

Сонымен қатар, Ұлттық банк Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монетаны айналысқа шығарды.

Бибігүл КЕНЖЕБЕКОВА,

қолма-қол ақшамен жұмыс  бөлімінің жетекші маман-экономисі.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз