Ардагерлер ТМД елдеріне тегін бара алады

ddcfa126 88db 4606 be0c 5d8f4e159a64 Қоғам

2018 жылдың 1 мамырынан бастап 31 желтоқсанына дейін «Жеңіс» республикалық әлеуметтік және қайырымдылық жобасының аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Қазақстан бойынша және ТМД елдеріне тегін сапарлар жасай алады. Бұл туралы «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлімдеді.

ddcfa126-88db-4606-be0c-5d8f4e159a64

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы акцияның басталғанын хабарлады.

«Акцияның шарттарына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асыратын барлық бағыттар бойынша жол жүруге мүмкіндік алады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне барлық санаттағы поездардың купе вагондарында, соның ішінде «Туристік» класс вагондарында және «Talgo» поездарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерінен орын бөлінеді», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында Ұлы Отан соғысының қатысушылары жол жүру барысында тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Аталмыш акция бойынша билеттер алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және Ұлы Отан соғысының мүгедегінің немесе қатысушысының куәлігі болуы керек.

ТМД елдеріне бару үшін тағайындалған станцияға дейін және кері қайту сапар құжаттары (билеттер) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда нүктелерінде рәсімделеді.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз