АРДАГЕР – АЛҒЫ ЛЕКТЕ

Ақтау қаласында үстел теннисінен ардагерлер арасында өткен ел чемпионатында атыраулық Сәрсенбай Мыңбаев жүлдегер болды.

Чемпионат төрт жас ерекшелігіне сай өтті. Атап айтсақ, 40-49, 50-59, 60-64, 65-69 жас аралығындағы ардагерлер өзара сынға түсті.

Атыраулық мұнайшы ардагер С.Мыңбаев 65-69 жас категориясында бабын саралап, қола жүлдегер атанды.

Үстел теннисі – шапшаңдықты, дәлдікті және күштілікті талап ететін спорт түрі. Осындай қасиеттерімен ерекшеленген жерлесіміз үш кездесу өткізіп, партияларда қарсыластарының осал тұсын таба білді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз