«Ақ жол» мен «Ақжайық автопарк» ауызашар берді

auyzashar 1 Қоғам

«Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалы «Ақжайық автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп, қасиетті Рамазан айында Ораза ұстаған жандарға арнайы ауызашар берді.  

Аталған серіктестік құрылтайшыларының бірі Болат Бушанов жиналғандарды мұслымандардың ұлық мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. Ал, партия филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов қасиетті айда қайырымдылық пен қаморлыққа толы ізі істер мен жақсылықтар жасауға жарысуға шақырды.

Игі шараның өтуіне бас демеуші болған «Ақжайық автопарк» мекемесінің басшысы Қуантай Қалман да Оразаның қадір-қасиетіне тоқталып, азаматтық ой-пікірімен бөлісті. Жиналғандар ұйымдастырушыларға зор алғыстарын айтып, игі бастама жалғасын тапсын деген тілектерін білдірді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

auyzashar 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз