Энергетикалық сусын: зияны қандай?

6364687349d92139587802 76ad590da2 Қоғам

Бүгінде жастардың бірқатары энергетикалық сусындарды тұтынуға әуес.  Ал, оның денсаулыққа зияны шаш-етектен екенін ескере бермейді.

Ең алғашқы энергетикалық сусын Жапонияда 1960 жылы шығарылған. Еуропадағы дүкендерде 1987 жылы пайда болды және оның тұтынушылары лезде көбейді. 2000 жылдың ортасында энергетикалық сусындарды қолданушылардың саны тіптен артқан.

Франция, Дания, Норвегия, Австрия және Жаңа Зеландияда дүкенде сергіткіш сусындарды сатуға тыйым салынған. Ал, Қазақстанда мұндай шектеу мүлдем жоқ.

Сусынның құрамын анықтап қарасақ, кофеин және басқа көптеген қоспалар қосылады. Ғылыми зерттеулер энергетикалық сусындарды көп мөлшерде, мәселен, жылына  52 реттен жоғары тұтынатындар ішімдікке тәуелділікті дамыту және мас күйге түсу қаупінің айтарлықтай жоғары екенін көрсеткен.

Дәрігерлердің айтуынша, энергетикалық сусындарда кездесетін дәрумендер мультивитаминді кешенді алмастыра алмайды. Олардың құрамындағы кофеин жүйке жүйесін әлсіретеді. Бұл жас ағзаға өте зиянды. Сусынның көптеген түрінде жүрек соғуын және аяқ-қолдың дірілдеуін тудыратын зиянды қоспалар бар. Спортық жаттығулардан кейін энергетикалық сусын ішуге мүлдем болмайды.

Сәндігүл ҚОНЫСҚЫЗЫ,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау университетінің студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз