ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРҒА – ЖОЛ АШЫҚ!

Atameken Startup жобасы өз идеяларын іске асырғысы келетін және сол салада сапалы, тиімді жұмыс істеуге әзір кәсіпкерлерді күтеді. Ұйымдастырушылар идеяңыз жоқ болса да шараға қатысуға шақырады. Шарада әр қатысушы өзіне ұнаған жобаның командасына қатысуға мүмкіндігі бар немесе уикендте арманындағы команданы құруына да болады.

Ең алдымен, бұл – жұмыс демалысы. Осы аралықта бастаушы кәсіпкерге өз стартап-жобасын көрсетіп қалуға мүмкіндік туады. Жұма күні кешкісін қатысушылар бір ғана бизнес-идеямен келіп, күн батқанша өз жобасына сол жердегі адамдардың ішінен команда құруы тиіс. Демалыс күндері тұжырымдама әзірлеп, бизнес-жоспарлар құрылады. Команда да өз идеясынан өнімнің алғашқы бастауына дейін небәрі 54 сағат болады. Шектеулі уақыт форматы, жобадағы қатаң тайминг қатысушы командалар үшін жемісті болмақ. Жобаны ұсыну үшін 1 минут қана беріледі, ал ақтық таныстыруға – кейбіріне ғана 5 минуттан көп уақыт бөлінеді. Бірінші және соңғы таныстыру арасындағы уақытта әр команда мен әр қатысушының мүмкіндігі мен оның ұсынған өнімінің пайдалылығы қарастырылатын болады.
Atameken Startup-та 3 жүлделі орын алған командаларға өз бизнесін әрі қарай дамыту үшін ақшалай сыйлық қарастырыл-ған. Сонымен қатар, қатысушылардың бизнес-жобалары Қазақстанның даму институтына жолданады (НАТР, ФРП «Даму»).
Жоба халықаралық «Startup Weekend» (www.startupweeken. org) қозғалысы аясында өтеді. Бұл қозғалыстың шаралары әлемнің 67 елінің 200-ден астам қалаларында өтуде.
StartupWeekend «түлектерін» бүкіл әлемнің, соның ішінде Қазақстанның да инвесторлары бақылап отырады. Соңғы жылдары StartupWeekend арқылы өткен жобалар бүкіл әлем бойынша $30 млн. қаржыны тартты.
АтамекенStartup – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жастар кәсіпкерлігін насихаттау мен дамыту мақсатында құрылған жобасы. Ол жүзеге асқан жобаларды қолдау мен жас кәсіпкерлерге мүмкіндік беру шараларын ұйымдастыруға бағытталған. 2012 жылы Қазақстанның әртүрлі қалаларында Atameken Startup-тың 4 мың адам қатысқан 7 шарасы өтті. 2014 жылға қормен бірнеше шараларды өткізу Жоспары жасалды, шара бес моноқалалар енгізілген бірнеше қалаларды (22 елді мекен) қамтиды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.05.2012 жылғы №683 қаулысымен бекітілген 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасын қолдау мақсатында қабылданды.
Ұйымдастыру сұрақтары бойынша «Атамекен Стартап» Қоғамдық қорының директоры Нұрлан Тазабековпен байланысуға болады: (+7(7122)597960, +77017669700, n.tazabekov@atamekenstartup.kz).

Маман түсінік береді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз