Полицей ерте, шахтер кеш зейнетке шығады…

322 17f3d91234e5603a46ad207138485bd3 Экономика

Оқырман назарына Атырауда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ЕРУБАЕВТАН алған сұхбатымыздан үзінді ұсынамыз.

– Зейнет жасын төмендеткіңіз келеді екен…

– Қаңтар оқиғасы кезінде құқық қорғау органдарының осал тұстары белгілі болып қалды. Соның бірінен туындайтын ұсыныс, қарапайым полицейлерді жұмысқа аларда оларды мемлекеттік тілді білуге міндеттеу қажет. Сонда халықпен байланысы нығая түседі деп ойлаймын. Екіншіден, олар 45 жаста – тәжірибесі енді ғана толысқан кезде зейнетке шығады. Бұл шақта күш те, қайрат та жеткілікті ғой. Жастарға да үлгі-өнеге көрсететін кез. Ал, олар өмірдің бел ортасында зейнеткер атанып, басқа жұмыс іздей бастайды. Сондықтан зейнет жасын ұлғайту қажет. Ал, керісінше, жер астында жұмыс жасайтын шахтерлар 63 жаста зейнетке шығады. Олар бұл жасқа жетпей жатып түрлі ауруға шалдығып жатады. Сондықтан бұл әділетсіздікті жоятын кез келді. Осы орайда, әйелдердің де зейнет жасын қысқарту жөнінде ұсыныс хат дайындап жатырмын.  

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз