БАНК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Ұлттық валюта - теңгенің 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының жас мамандары соғыс жылдарында, онан кейінгі уақытта мемлекеттік банк жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етіп, сый-құрметке бөленген зейнеткерлермен кездесті.

Қазіргі таңда филиал есебінде жиырма зейнеткер болса, кездесуге солардың арасынан Ф.Денгизбаева, Б.Ысқақов, Р.Кунашева, К.Сариева, М.Гусева, М.Абдолова, Е.Апенов, Л.Бегликчиева, Ж.Қалауова, А.Исатаев келді. Бұл жолғы игі шара әдеттегіден өзгеше аталып өтті. Кейінгі ұрпақ банк саласында өздерінен бұрын еңбек еткен аға-апаларының жүріп өткен жолынан, атқарған тағылымды еңбектерінен хабардар болды.
Кеште ардагерлердің құрметіне ән айтылып, сый-сияпат жасалды. Олардың қаржы жүйесінің өркендеуіне қосқан үлестері ерекше аталып, жылы тілектер айтылды.

Нұрбиға ИБРАЕВА,
ҚР Ұлттық Банкі Атырау
филиалының
аудармашысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз