«Атырауда жасалған»

IMG 20181005 121934 Экономика

Осындай тақырыпта бүгін Атырауда кәсіпкерлер форумы болып өтті. «Реннесанс» қонақүйінде атыраулық кәсіп иелері мен өзге аймақтардан келген қонақтар бас қосты. Мұнда негізінен қазақстандық қамту мәселесі көтеріліп, жан-жақты талқыланды.

cof
cof

Алдымен, форум шымылдығын ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов жиналғандарға «қош келдіңіздер» айтып, Атыраудағы алғашқы бастамаға сәттілік тіледі. Бастама дейтініміз, еліміз бойынша еркін форматтағы пікір алысу алаңы тұңғыш рет мұнайлы мекенде өткізіліп отыр.

IMG_20181005_232825

Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында да бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау қажеттігі баса айтылған болатын.

cof

«Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі. Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске қостық. Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді» деді Елбасы.

IMG_20181005_232805

 

 Рас, жергілікті өнімге келсек, оның бағасы қымбат болуы мүмкін. Бірақ, өте сапалы. Мұны шетелдік сараптамалық орталық мамандары да растап отыр. Әйтсе де, осындағы «Теңізшевройл» секілді алпауыт компаниялар қазақстандық өнімге қарағанда арзан, бірақ, сапасыз бұйымдарды сатып алатыны жасырын емес. Ендеше, отандық өнім өрісін кеңейтуге не кедергі? Жергілікті кәсіпкерлердің «қолын байлайтын» кедергілер бар ма және оларды жою жолдары қандай? Міне, форум қатысушылары қойған осы және өзге де сауалдарға шара қонақтары нақты жауап берді.

cof

Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа Жолдауында: «Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын» деді.

IMG_20181005_232847

Осы орайда, Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы үш жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлу (басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы қарастыру) тапсырылды. Бұл ретте, форум барысында оң пікірлер айтылды. Өз кезегінде қатысушылар мен қонақтар Елбасы бастамасын қызу қолдайтындықтарын жеткізді.

cof

Сондай-ақ, Жолдауда бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғау мәселесі көтерілді. Президент келесі жылдан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырды. Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту қажеттігі айтылды. Үшіншіден, бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізу міндеті қойылып отыр. Сайып келгенде, осының бәрі келешекте кәсіпкерліктің жаңа тынысын ашады деген сенім ұялатады.

(Форум барысы жайында толығырақ «Атырау» газетінің келесі сандарынан оқып, таныса аласыздар)

«Atr.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз