Өткен тәулікте Атырауда 42 адам коронавирус жұқтырды

1 15 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

«Атырау коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша «сары аймақта» қалып отыр» деп хабарлайды Atr.kz

Өткен тәулікте Атырауда коронавирус 42 адамнан анықталды.

Инфекция жұқтырғандардың 18-і Атырау қаласының тұрғындары. Скрининг кезінде Теңіз кенішіндегі 23 жұмысшыдан коронавирус расталды. Және 1 науқас Индер ауданынан анықталып отыр.

«11 адамда инфекция симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирустан 1 адам сауығып шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, бүгін Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймаққа өтті.

Қазақстанда бүгін коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті, 1 002 жағдай тіркелді. Екі тәулік бұрын бір күнде 752 адам коронавируспен ауырған еді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз